Бір донор бірнеше адамның өмірін сақтап қалады
Былтыр Қазақстанда – 250, оның 227-сі тірі донордан, ал 23-і қайтыс болғаннан кейінгі донордан ағзаны трансплантаттау жүргізілді. Бұл көптеген пациенттің өмір сүруіне мүмкіндік беретін еліміздің денсаулық сақтау саласындағы маңызды жетістік, — деп хабарлайды республика Денсаулық сақтау министрлігі.
2012 жылдан бастап статистика:
Трансплантаттау бағдарламасы басталғаннан бері 2012 жылдан бастап Қазақстанда донорлық ағзаларды трансплантаттау бойынша 2 800 операция жүргізілді. Олардың ішінде:
2 353 операция (84%) — тірі донордан;
447 операция (16%) — қайтыс болғаннан кейінгі донордан.
Қандай ағзалар трансплантатталды?
Бүйрек — 2078 трансплантаттау;
Бауыр — 541 трансплантаттау;
Жүрек — 98 трансплантаттау;
Өкпе — 22 трансплантаттау;
Ұйқы безі -2 трансплантаттау;
Мөлдірқабық — 59 трансплантаттау.
Трансплантаттауды күту:
Қазір Қазақстанда трансплантаттауды күту парағында 4113 адам (95 бала) бар, оның 3672-сі бүйректі трансплантаттауды қажет етеді, 184 адам донорлық бауырды және 138 адам жүректі күтуде.
Ағзаларды трансплантаттау тек медициналық ем-шара ғана емес, бұл көптеген адамдар үшін жаңа өмірге мүмкіндік. Ағзаны трансплантаттаудың әрбір жағдайы жоғары дәрежелі медициналық жұмыс қана емес, сонымен қатар мейірімділік пен өзара көмек болып табылады.
Дәрігерлердің күш-жігері мен донорлардың дайындығының арқасында біз өмірді сақтап, болашаққа үміт береміз.
Егер Сіз донор болғыңыз келсе және мұқтаж адамдарға көмектескіңіз келсе — сіздің көмегіңіз біреудің өміріндегі шешуші қадам болуы мүмкін. Толық ақпарат пен консультацияларды тұрғылықты жері бойынша медициналық мекемелерден алуға болады.