2018 10 18 060936975600

Атырауда терроризмге қарсы күрес оқу-жаттығулары өтеді

Жаңалықтар Қоғам Құқық

Atr.kz/28 қазан, 2019 жыл. Алдағы 1 қараша күні ҚР Терроризмге қарсы Орталығының эгидасы аясында облыстық және Теңіз жедел штабтарының күштерін тарта отырып, Атырау қаласы аумағында «Атырау-Антитеррор-2019» терроризмге қарсы күрес оқу-жаттығуларын өткізу жоспарлануда.

Оқу-жаттығудың мақсаты – мемлекеттік және құқық қорғау органдарының террористік актілерді алдын алуға бағытталған дайындықтарын тексеру болып табылады.

Аталған мерзім ішінде Атырау қаласының кейбір аудандарында шектеу шаралары қолданылатын болады.

Осыған орай, облыс тұрғындары мен қонақтарын өткізіліп жатырған оқу-жаттығуларға түсіністікпен қарап, сабырлық сақтауларын өтінеміз.

Уақытша келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұралады.

Атырау облыстық терроризмге қарсы күрес жедел штабы

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған