Білім мекемесінде заң бұзушылықтар анықталды
Атырау облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті Нұрғиса Тілендиев атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия – интернатына жоспардан тыс тексеріс жүргізіп, біраз кемшіліктің бетін ашты. Аудиторлық іс-шара кезінде сомасы 44 818,2 мың теңгенің, оның ішінде 316,7 мың теңгенің қаржылық бұзушылықтары анықталды. Бұл туралы аталған департамент басшысының орынбасары Жалғас Букаев хабарлады.
–Мекеме тарапынан Еңбек Кодексінің 103 бабы, 1-тармағы бұзылып, қызметкерлерге негізсіз еңбекақы төленуіне жол берілген. Нәтижесінде Бюджет Кодексінің 97-бабының 6-бөлігі сақталмай, 2018-2023жж. аралығында мекеменің 5 қызметкеріне жалпы сомасы 316,7 мың теңгенің бюджет қаражаты негізсіз шығысталғаны белгілі болды,-дейді Ж. Букаев.
Аудит нәтижесінде лауазымды тұлғаларға қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексі бойынша бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарын бұзу фактілері бойынша сомасы 86,2 мың теңгеге әкімшілік іс қозғалып, жергілікті бюджет есебіне өндірілген.
А. САБЫРОВА