Магистратура мен докторантураға қалай қабылдануға болады?

img 20220429 wa0033 Білім

Мемлекекеттік басқару академиясы: Оқуға қабылдау ережелеріне қандай өзгеріс енгізілді?

Бірінші жаңашылдық – магистратура мен докторантураның білім беру бағдарламаларына құжаттар биылғы жылдың 23 шілдесіне дейін қабылданады. Бүгінге дейін 22 мемлекеттік қызметші оқуға түсуге ниет білдірген.

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы Атырау облысы бойынша филиалының директоры Азамат Бекіш биылғы жылға арналған жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша оқуға қабылдау ережелерін түсіндірді.

  • – Сервистік мемлекеттік басқару жүйесін қалыптастыруда мемлекеттік аппаратты білікті әрі тиімді, жоғары білімді кадрлармен қамтамасыз ету өте маңызды. Биылғы 1 наурыздан бастап Академияға оқуға қабылдау науқаны басталды. Үміткерлерден құжаттар онлайн форматта қабылданады. Жаңа оқу жылына 10 магистрлік және 3 докторлық бағдарлама әзірленген. Оның 4-уі өндірістен қол үзбей оқитын модульдік бағдарламалар, – деді Азамат Әбділқайлұлы.

Енді үміткерлер мемлекеттік органның жолдамасын конкурстық іріктеу қорытындысы бойынша ұсынады. Сондай-ақ магистратура және докторантура бойынша білім беру бағдарламасының саны артты. Ағылшын тілін білу деңгейін растайтын халықаралық сертификаттардың тізімі ұлғайтылды. Магистратураға мемлекеттік тапсырыс негізінде оқимын деген үміткерлер екі кезеңнен, ал өндірістен қол үзбей оқуға түсуге ниет білдірген мемлекеттік қызметшілер бір кезеңнен өтеді. Ал, докторантураға оқуға түсу үшін үш кезең бойынша сынақ тапсырады. Бұлардың барлығы да осы жылдың жаңа өзгерістері.

Азамат Әбділқайлұлы білім ордасында QAZAQ RESMI TEST-ке, PIPPLET ТЕСТ-ке және  басқа да дайындық курстары маусым айына дейін жалғасатынын айтты.

Айта кетейік, халықаралық келісімдер аясында стипендиялар мен гранттар қарастырылған.

Майра ОРАЗҒАЛИЕВА

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз