
Білім беру ісінің үздігі Сатымғали Қабделовтің құрметіне Қатира Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжінде дәрісхана ашылды (+ФОТО)
Atr.kz/4 сәуір, 2019 жыл. Белгілі ұстаз, Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің үздігі Сатымғали Қабделовтің құрметіне Қатира Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжінде арнаулы дәрісхана ашылды.
«Ғасырға жуық тарихы бар Қ. Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжінің өңірге танымал болуына еңбек сіңірген ұстаздар бастаған көш басында Сатымғали Қабделұлының болуы заңдылық. Саналы ғұмырын жас ұрпаққа білім беруге арнаған Сатымғали Қабделұлы жаңашылдықтың, ізденістің шынайы маманы еді» деп атап өтті спикер Айжан Қарабаева.
Дәрісхананың ашылу рәсімі салтанатты жағдайда колледж ғимаратында өтті. Колледж директоры Айжан Қарабаеваның айтуынша, Сатымғали Қабделов кезіндегі Гурьев педагогикалық училищесінің негізін қалаушылардың бірі.

Дәрісхана 25 орынға шақталған. Мұнда 5 – 9 сыныптың математика пәні мұғалімдері даярланады.
«Ғасырға жуық тарихы бар Қ. Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжінің өңірге танымал болуына еңбек сіңірген ұстаздар бастаған көш басында Сатымғали Қабделұлының болуы заңдылық. Саналы ғұмырын жас ұрпаққа білім беруге арнаған Сатымғали Қабделұлы жаңашылдықтың, ізденістің шынайы маманы еді» деп атап өтті спикер Айжан Қарабаева.
Дәрісхана 25 орынға шақталған. Мұнда 5 – 9 сыныптың математика пәні мұғалімдері даярланады.
Кең көлемде өткен дәрісхананың ашылу рәсіміне белгілі ұстаз Сатымғали Қабделовтің замандастары, Қ. Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжінің қалыптасу кезеңіне айрықша үлес қосқан қоғам қайраткері Жәукен Көшенов, Рашилә Мүрсәлиева, Баянсұлу Тыныбаева сынды азаматтар құрметті қонақ ретінде қатысып, естеліктерімен бөлісті.









Баян ЖАНҰЗАҚОВА.