Атырауда жол апатынан екі адам қаза тапты

00b6f7ac 1f64 4770 8e86 9ea37314ab99 Жаңалықтар

Атырау облысында жол апатынан екі адам қаза тауып, үш адам ауруханаға жеткізілді.

Жол апаты 21 тамыз күні 19:30 шамасында болған.

«Ақтөбе-Атырау-Астрахань тас жолының 635 шақырымы тұсында Toyota Prada және Lada Granta автокөліктері соқтығысып, жол-көлік оқиғасы орын алды. Салдарынан Lada Granta автокөлігінің екі жолаушысы қаза болды. Lada Granta автокөлігінің жүргізушісі және Toyota Prada автокөлігінің екі жолаушысы облыстық ауруханаға жеткізілді. Тергеу амалдары басталды», – деп хабарлады Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз