Жарнама
Жаңалықтар

Білігі бірдей, жалақысы неге жоғары?

Atr.kz/23 желтоқсан, 2019 жыл.  Отандық және шетелдік жұмысшы-қызметкерлер жалақысы жер мен көктей.

Мәселен, Атырау облысындағы «Sarens Kazakhstan» ЖШС-інде жергілікті маман–супервайзер айына 750 мың теңге алады. Дәл осы қызметті атқаратын шетелдіктің еңбекақысы 1,1 мен 3,4 млн. теңге аралығында. Мұндай ахуал «Уорли Парсонс Казахстан» ЖШС-інде де қалыптасуда. Автоматика және бақылау-өлшеу құрылғылары жөніндегі инженердің еңбекақысы 307 мың теңге. Ал, шекара асып келген маманның маңдай тері 1,3 млн. теңгеге бағаланады. Ақшаны күреп табатындар еліміздің еңбек қатынастары заңдылықтарына атүсті қарайтын болып шықты. Облыстық мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының тексеруі оларға компания басшыларының жұмыс уақытын заңсыз асырып белгілейтінін, жалақыларын доллар, фунт стерлинг, евро, тағы басқа шетелдік валютамен төлейтінін анықтады.

ЖАЛАҚЫ ТЕҢГЕРМЕШІЛІГІНІҢ СЕБЕБІ

Жуырда Теңіз кенішіндегі мердігер компаниялардың бірінде еңбек ететін жерлесімізбен сұхбаттастық. Мұнда вахталық әдіспен жұмыс жасайды екен. Міндеті өзге әріптестерімен бірге құрылыс сатыларын құру. «Отбасыңнан жырақта жүру оңай емес. Әрі жасым да біразға келді. Тіршіліктің қамы болғасын жұмысымызды мінсіз атқаруға ұмтыламыз. Дегенмен, байқаймын, өндіріс орнында шетелдіктерге ерекше жағдай жасалады, бірдей қызметті атқарса да еңбекақы артық төленеді. Осы жағдай мені қынжылтады» деді ол. Облыстық мемлекеттік еңбек инспекциясы  басқармасының басшысы Игілік  Әубәкіровтың айтуынша, жалақы теңгермешілігі үнемі басты назарда. Биыл облыста осыған байланысты 42 компания тексеріліп, қазақстандық жұмысшылардың құқығын аяқасты еткен 109 дерек анықталды. Шетелдіктердің мамандықтарына сәйкес емес қызметтерді атқарғаны, білімдері болмаса да лауазымды орындарда отырғаны белгілі болды.

 – Аталған заңбұзушылықтардың орнын толтыру мақсатында жұмыс берушілерге 22 ұйғарым берілді. Соның нәтижесінде 271 әкімшілік іс қозғалып, 81,6 млн. теңге көлемінде айыппұл салынды. Сонымен қатар, шетелдік жұмыс күшін тарту үшін берілген 265 рұқсат беру құжаттамасын қайтарып алу және алдағы уақытта ұзартпау туралы уәкілетті органдарға хат жіберілді. Бүгінде 165 рұқсат берілген шешімнің күші жойылды, — деді құрылым жетекшісі.

Жұмыс орнында болатын жазатайым оқиғалардың саны  азаймауда . Өткен  жылы  елімізде      мыңнан астам адам осындай жағдайға ұшырады. 191 кәсіпорында 221 жұмысшы қаза тапты. Өлім ге  алып келген оқиғалардың 65 пайыздан астамы жұмыс берушілердің кінәсінен орын алып отыр. Күніне үш-төрт еңбеккердің жұмысқа өз аяғымен кетіп, үйіне мүгедек күйде оралуы сұмдық көрініс. Мұндай сорақылықтың алдын алу мақсатында облыста қандай жұмыстар жасалып жатыр? Еңбек инспекторлары жыл басынан бері еңбек заңнамаларының сақталуына байланысты 328 тексеру жүргізді.

 Соның нәтижесінде 363 заңбұзушылық анықталып отыр. Жұмыс берушілерге 167 ұйғарым беріліп, 92 құрылым жауапкершілікке тартылды. Салынған айыппұлдың көлемі 13 млн. теңге.

 – Облыс  бойынша  19  жазатайым  оқиға орын  алып, одан  3  адам  қаза  тапты.

 20 -сы  ауыр  дене жарақатымен ауруханаға түсті. Өндірістегі осы жағдайлардың көпшілігі ж ұ м ы с б е р у ш і л е р д і ң кінәсінен болуда. Б и ы л о б л ы с б а с ш ы л а р ы н ы ң т ө р а ғ а л ы ғ ы м е н ө т к е н үшжақты комиссия отырыстарында жалақы бойынша берешекке, өндірістік жарақаттануға және еңбек с а л а с ы н д а ғ ы б а с қ а д а заңбұзушылықтарға жол берген ірі кәсіпорындардың б а с ш ы л а р ы т ы ң д а л д ы . Кемшіліктер мен жазатайым о қ и ғ а л а р д ы ң о р ы н а л у с е б е п т е р і т а л қ ы л а н ы п , тиісті шаралар қолданылуда, — деді құрылым жетекшісі.

МАҢДАЙ ТЕРІ ӨТЕМСІЗ

Мұнайлы аймақта жұмысшылар жалақысын кешіктіретін мекемелер ә л і к е з д е с е д і . М ы с а л ы , «Казэлектрюм» ЖШС бір адамға 300 мың теңге қарыз. Ал, «Water Energy Service» серіктестігінің 33 еңбеккерге 7,4 млн. теңге берешегі жырға айналды. Ол түйін екі жылдан бері шешілмей келеді. Компаниялардың ж ұ м ы с ш ы л а р д ы ң әлеуметтік ахуалына назар аудармайтыны да күрделі мәселе. Осындай жағдайлар т ү р л і п р о б л е м а л а р д ы ң туындауына себепші болды. Еңбек инспекциясы берген мәлімет бойынша, биыл е ң б е к д а у ы н а қ а т ы с т ы келеңсіз оқиғалар орын алды. «ККС Сичим Казахстан» ЖШС-нің Батыс Қазақстан облысы Ақсай жобасындағы наразылық акциясы соның м ы с а л ы . Ж ұ м ы с ш ы л а р біраздан бері жалақыларының төмендігіне байланысты шағымданып келді. Талаптары заңды болғанымен, оған серіктестік басшылары құлақ салмады. Мемлекеттік мекемелердің араласуы, з а ң д ы л ы қ т ы ң ү с т е м д і г і нәтижесінде еңбеккерлердің негізгі талабы орындалып, төмен еңбекақы 16-дан 50 пайызға дейін көтеріліп отыр. Теңіз кенішіндегі Біріккен Араб Әмірлігі тұрғынының өрескел әрекеті үлкен даудың өзегіне айналғаны белгілі.

Еңбек инспекторлары «компания басшылары еңбек заңнамаларының сақталуына маңыз берсе, мұндай көріністер орын алмас еді» деген пікір айтады. Алғашқы 9 айдың өзінде еліміздегі жалақы берешегі бар кәсіпорындарға 136 млн теңге айыппұл салынды.

Түрлі қабылданған шаралардың арқасында 36 мыңдай жұмысшының құқығы қорғалып, 5 млрд. теңгенің берешегі өтелді. Бұл мәлімет жуырда Үкімет отырысында айтылды. Енді, жалақыны уақытылы беру жөнінде заңнама ережелері тағы да қатаңдатылады. Мұндай тапсырманы Премьер-министр жауапты орган басшыларына жүктеді. Асқар Маминнің айтуынша, заңнама нормаларын жалақы төлемеу жұмыс беруші үшін тиімсіз болатындай ету керек.

Азамат БАЗАРБАЕВ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button