Атырауда көктайғақтың салдарынан бір күнде 30-ға жуық жол-көлік оқиғасы тіркелді

913533ec a72f 491f ab20 699be81b2d4c Жаңалықтар

Кеше, 24 қарашада қар жауып, ауа-райы бұзылды. Метеорологиялық жағдайдың нашарлауынан Атырау қаласындағы жолда 30-ға жуық жол-көлік оқиғасы тіркелді.

«Жүргізушілердің басым көпшілігі көлігінің шанағына қысқы дөңгелек орнатпаған. Бұл әсіресе, көктайғақта жүруді қиындатып, жол-көлік оқиғасына ұрындырады. Мәселен, 24 қарашада сағат 14:30 шамасында 1993 жылғы жүргізуші «Mercedes Benz» көлігінің рульіне ие бола алмай, С.Бейбарыс даңғылында орналасқан дүкеннің темір қоршауына соғылды. Ал, сағат 20:00 шамасында«LADA-2114» көлігі С.Бейбарыс даңғылы мен Ә.Молдағұлова көшесінің қиылысында солға бұрылу кезiнде қарсы бағытта келе жатқан «Toyota Alphard» көлігімен соқтығысты. Жол-көлік оқиғасының салдарынан «LADA-2114» көлігіндегі жолаушы әртүрлi дене жарақатын алды» -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметінен.

Қазір 49 жастағы әйел облыстық аурухананың травматология бөліміне жатыр.

Атыраулық полицейлер жүргізушілерді ауа-райының күрт суытуына байланысты жол қауіпсіздігін қатаң сақтауға шақырып отыр.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз