«Бес бірдей күн шықты»: Астана халқы таңғажайып құбылыстың куәсі болды (+ВИДЕО)
Atr.kz/1 – наурыз, 2019 жыл. Бүгін елордалықтар ерекше табиғи құбылыстың куәсі болды.
Instagram әлеуметтік желісінде жарияланған видеода Астана көгінде бес күн шығып тұрғандай көрінеді.
«Бүгін таңғы сағат 10:00 Астана қаласында 5 бірдей күн шығып тұр!», — делінген әлеуметтік желідегі Qazaqstanda парақшасында.
Желі қолданушыларының бірі табиғаттың ерекше құбылысын суретке түсіріп үлгеріпті.
Әлеуметтік желі қолданушылары ерекше құбылыстың «гало» деп аталатынын жарыса жазуда.
Гало – оптикалық құбылыс, Күн мен Айдың айналасында пайда болатын жарқыраған шеңбер. Ғалымдардың айтуынша, гало бұлттағы мұз кристалдарының шағылысуы нәтижесінде 5-10 километр биіктікте тропосфераның жоғарғы қабатында пайда болады. «Гало» құбылысы көбінесе қыста қатты аяз кезінде байқалады.
Гало құбылысы Астанада бұған дейін де болған. 2019 жылдың 23 қаңтарында Sputnik Қазақстан фототілшісі Ақорданың айналасында шығып тұрған «үш күнді» суретке түсіріп алған еді.
Дереккөз: «Sputnik Қазақстан»