Жарнама
Жаңалықтар

Берекенің бөгетін бекемдеді

Өр суына қарсы Атырау облысында жүзеге асып жатқан жұмыстарға барлық еңбек ұжымы өзіндік үлестерін қосып, белсенді атсалысуда. Солардың қатарында «Консолидейтед Контрактинг Инжиниринг Прокьюрмент С.А.Л.-Офшор» (ССЕР) компаниясы да бар.

Құрамында небары 14 адам болса да, компанияның волонтерлік тобы 8-27 сәуір аралығында 716 сағат бойы Атырау қаласындағы Береке ауылы аумағында жүктелген міндетті абыроймен орындап, әріптестеріне үлгі көрсете білді. Жайық өзенінің жағалауында 10 мыңнан астам ерікті қапшықтарды құммен қаптап, бөгеттерді нығайтумен айналысты.

Сондай-ақ компания 1 жеңіл автокөлікті облыстық төтенше жағдай жөніндегі жедел штабтың үйлестірушілеріне 1 айдан астам уақыт бойы уақытша берді.

Дәулетқали ЛАТИФҰЛЫ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button