ӨЗІ БІЛМЕСЕ ДЕ… қазір елге ақыл айтушылар көбейді

1 6 COVID-19: Соңғы поштадан...

Atr.kz / 17 шілде, 2020 жыл. Аты жаман ауру, елді еңіреткен індет лезде таралып, халықтың тынышын алғаннан бері әлеуметтік желі арқылы одан қорғану мен емделуге арналған қаншама ақыл-кеңестер келіп жатыр. Амал жоқтықтан ба, жаны ашығандықтан ба – елдің бәрі шетінен емші, дәрігер, балгер болып кеткен бе дерсіз.

К ү н д е л і к т і ө м і р д і ң көрінісіндей, осы ауруға не пайдалы десе, сол нәрсенің бағасы шарықтап шыға келеді. Соңғы кезде «қойдың құйрығын жеу керек», «шұбат пен қымыз ішкен пайдалы» деген кеңестер таралғалы бері олар да қат тағамның қатарына қосылды. Тіпті бұрыннан дімкәс жандардың құйрық майды шамадан тыс пайдаланғанынан ж ү р е к т е р і а у ы р ы п , мазасыз күй кешкендері, ал, сарымсақты жиі, әрі көп мөлшерде тұтынғаннан олардың асқазандары сыр берген. «Осындай жаттығу жасаңдар!» деген кеңестерді қолданған жүрек-қан тамыры ауруымен ауыратындар одан бетер дәрменсізденіп қалған. Соған қарағанда, бұл ақыл- кеңестерді жаппай қолдана бермей, өз реті мен тәртібін қатаң сақтаған жөн.

Рас, әлеуметтік желілер арқылы жетіп жатқан кеңестердің бәрін бірдей тиімсіз дей алмаймыз. Айталық, жоғары қызуы бар адамның жатар алдында пиязды дөңгелете турап, шұлығының ішінен табанына салып қойса, белгілі бір уақыттан соң қызуының түсетіні белгілі. Басқа да кеңестердің тиімділігін көріп жатқандар бар. Жалпы, бұл туралы мамандардың айтары бар ма?

Лиза СЕЙТІМОВА

 СІЗ НЕ ДЕЙСІЗ?

Алуа СЫРАЛИЕВА,

Атырау облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының директоры:

– Иә, бұл мәселе әлеуметтік желіде қызу талқылануда. Түрлі кеңес берушілердің арасында қарапайым адамдар да, көпті көрген көнекөз кісілер де, еңбек жолын енді бастаған жас және тәжірибелі дәрігерлер де бар. Баса айтарым сол, олардың бәрі де «дімкәс жандарға септігім тисе» деген ізгі ниеттен туған ойларын жеткізуде.

Адамның қорғанышы – иммун жүйесі. Түрлі жұқпалы ауруға қарсы тұру қабілетіміз де сол иммун жүйеміздің мықтылығына тікелей байланысты. Әлеуметтік желілерден келіп жатқан қойдың құйрығының пайдасы жайындағы кеңес біздің халқымызға бұрыннан белгілі. Десек те, қойдың құйрығын қант диабеті, артериялық гипертензия, жүрек-қан тамырлары секілді созылмалы ауруы бар адамдарға тұтынуға болмайды. Сарымсақ туралы да солай айтуға болады. Оның құрамындағы аллицин жүрек- қан тамырлары жүйесінің жұмысын жақсартқанымен, оны шамадан тыс көп жеуге болмайды. Өйткені, адамның одан уланып қалу қаупі бар.

Айталық, адам сарымсақты аш қарынға жемегені жөн. Ал, асқазаны ауыратындар ауруы асқынып, қозған кезде сарымсақты мүлде пайдаланбағаны дұрыс. Рас, әр адамның ағзасы да, жасы да әртүрлі. Бірақ, «сарымсақ – пайдалы» деген кеңеске бірден ден қоймаңыздар дегім келеді. Оны жиі, әрі көп тұтынғаннан ішке газ жиналып, жүрек айниды, бас ауырады. Тіпті, дене қызуы да көтеріледі. Сондықтан, қай емнің де пайдалы-зиянды жағын ескере жүріңіздер!

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз