Жарнама
Жаңалықтар

БЕЙБАРЫСТА – ЖАҢА ЕМХАНА

— Біз соңғы кездері ауылдық елді мекендерге ерекше көңіл бөліп жүрміз. Жолдар салынуда, көптеген өндіріс орындары, әлеуметтік нысандар ашылуда. Әсіресе, Махамбет пен Индер аудандарында көптеген ауыл шаруашылығы өндірістері іске қосылып жатыр. Биыл жылдың соңында елуден астам дәрі түрлерін шығаратын фармацевтикалық өндірісті іске қосқалы отырмыз. Бұл Қазақстандағы ең үлкен өндіріс орны болмақ. Еліміздің ешбір өңірінде жоқ жүн өнімдерін өңдейтін нысан құрылысы да аяқталғалы тұр. Қазан айында іске қосу жоспарлануда. Сондай-ақ, қазан айында бөдене жұмыртқасын шығаратын зауыт та жақын жерден ашылады. Елбасының ерекше көңіл бөліп отырған мәселесі — халықтың саулығы. Сондықтан, ауылдарда осындай медициналық нысандар ашып жатырмыз. Бұл — Елбасының қамқорлығы, ел экономикасының мүмкіндігі, — деп, ауыл тұрғындарын құттықтаған облыс басшысы ауылдық амбулаторияға компьютер жиынтығын сыйға тартты. Ал, құрылыс жұмыстарын жүргізген мердігер мекеме «Жайық универсал» ЖШС атынан ұжымға теледидар тарту етілді.

— Бұрын ескі ғимаратта жұмыс жасаушы едік. Онда науқастарды қабылдау қиынға соқты, өйткені, қажетті құрал-жабдықтар болмады. Енді, міне, жаңа ғимаратқа көшкелі отырмыз. Мұнда, әсіресе, тіс дәрігері кабинетінің болуы — үлкен қуаныш. Сонымен қатар, басқа да кабинеттердің барлығы санитарлық талаптарға сай келіп, күніне 25 адам қабылдауға мүмкіндік ашылып отыр. Мұны ауыл тұрғындарына жасалған үлкен қамқорлық деп білеміз. Ауылда 3500-ге жуық адам тұрады, соңғы үш жылда бала өлімі тіркелген жоқ. Туу көрсеткіші артып келеді, — дейді дәрігерлік амбулаторияның дәрігері Мақсот Бижанов.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Дина Камелованың айтуынша, өткен жылы ауданның Алға және Ақжайық ауылдарында медицина саласы қызметкерлеріне арналған екі тұрғын үй берілді. Сондай-ақ, төрт ауылдық емханаға автокөліктер, аудандық емханаға қажетті жабдықтар алынып, бес маманмен толықтырылды. Басқарма өкілі осындай қолдаудың нәтижесінде облыс бойынша ауданның денсаулық сақтау саласы көрсеткіші артып отырғандығын да атап айтты. 

Айгүл ЕРТІЛЕУ, Суреттерді түсірген Әнуар ӘБІЛҒАЗИЕВ, Жалғансай ауылы, Махамбет ауданы. 

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button