Жарнама
Жаңалықтар

Баянды болашақ үшін

Күні кеше еліміз өміріндегі жауапты саяси маңызды оқиға – Қазақстан Президентінің сайлауы  өз мәресіне жетті.

Сайлаудың дауыс беру нәтижесінде халықтың зор қолдауын иеленген, тәуелсіз еліміздің қалыптасуы мен даму тарихында өзіндік қолтаңбасы бар танымал саясаткер, дана дипломат, кемеңгер қайраткер Қасым-Жомарт Тоқаев Президент болып сайланды.

Өткен Президент сайлауында өз таңдауымызды жасай отырып, еліміздегі тұрақтылық пен тыныштықтың, халықтар арасындағы достық пен ынтымақты тірліктің сан ғасырлық дәстүрінің сабақтасатындығына сенемін. Қазақ елі болашақта әлеуметтік-экономикалық дамуында жаңа белестерді бағындырып, мемлекетіміз әлем елдерімен бейбіт қарым-қатынас жасау принципін жалғастыра беретін болады. Біз кешегі елордада өткен Президентті ұлықтау рәсімінде сөйлеген Қасым-Жомарт Кемелұлының сөзінен осыны ұққандаймыз. Ендеше, болашағымыз баянды, жарқын болсын!

Әнуарбек ЗАЙДУЛЛИН,

зейнеткер, Исатай, Махамбет

аудандарының Құрметті азаматы,

Жанбай ауылы

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button