Банктермен іскерлік байланыс

Кездесу 1 Жаңалықтар

Облыс әкімі Нұрлан Ноғаев екінші деңгейлі банктердің өкілдерімен кездесті. Өңірлік коммуникациялар қызметінің хабарлауынша, кездесуге қазақстандық  «Казкоммерцбанк» АҚ, «Қазақстан Халық Банкі» АҚ және ресейлік ірі банктердің бірі – «Сбербанк России» АҚ өкілдері қатысты.

Кездесу

Кездесу барысында аймақ  басшысы өңір  экономикасының тұрақты дамуында қаржы институттарының маңызы ерекше екендігіне тоқталды.  «Экономиканы әртараптандыруда біздің облыс белсенді бағытты ұстанып тұр. Аймақтың инвесторлар мен бизнесмендерге тартымдылығын арттыру үшін барлық қажетті жағдай жасалуда» деген өңір басшысы Нұрлан Ноғаев аймақта ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлік, балық саласының да  даму үстінде екендігін атап өтті.

Тараптар осы бағыттардағы серіктестік мәселелерін талқылады. Екінші деңгейлі банктер елдегі кәсіпкерлік пен бизнесті дамытуға бағытталған экономикалық бастамаларды  қолдай отырып, мемлекетпен арадағы байланыс саясатын нығайтуға ниетті.

Баян Атайманқызы

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз