Жарнама
ЖаңалықтарМәдениетҚоғам

Бауырластарға  құшақ  жайды

 

Атырауда Ноғай халқының мәдениет күндері өтті. Шараның өтуіне облыс әкімдігі, мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы ұйытқы болды. Еділ мен Жайықты тел емген, қазақпен аталас жұрт ноғайлардың өңірімізге келуі тілі мен мәдениеті, салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпы бір-біріне ұқсас екі халықтың арасындағы байланыстың тамыры тым тереңде екендігін көрсетті.

Бауырластарға құшақ жайды

Құрманғазы атындағы мәдениет сарайында өткен шарада ресейлік қонақтарға Дина Нұрпейісова атындағы Академиялық қазақ халық аспаптар оркестрінің концерттік бағдарламасы ұсынылды. Онда күй атасының шығармалары орындалды.

Екі күнге созылған жиынның алғашқы күні атыраулықтар назарына Ноғай халқының көркемсурет, қолөнер шеберлерінің көрмесі, бүгінгі ноғай мәдениеті, өнері мен өмірі туралы түсірілген «Камбак» кинофильмі көрсетілді. Ноғайлық әнші-композитор Арсланбек Сұлтанбековтің айтуынша, ноғайлар бауырлас қазақ халқына арқа сүйейді. «Ежелден тарихымыз бен салтымыз, мәдениетіміз ұқсас халықтардың болашағы жарқын да баянды болсын. Бізді ақ жүрекпен қарсы алып, сыйлап, құрмет пен қошеметтеп  жатқандарыңызға көңіліміз марқайып тұр» дейді қонағымыз.

Мәдениет күндеріне қатысушы қонақтар «Хан ордалы Сарайшық» тарихи-мемориалдық кешенінде болып, ХІІІ-ХІV ғасырлардағы Алтын Орданың рухани астанасының ежелгі тарихымен танысты. Олар жеті хан жерленген көне шаһардың өркениетке бастау болғандығына көз жеткізді.

Бұдан соң Ғ.Сланов атындағы облыстық әмбебап кітапханасында ноғайлық және қазақстандық ғалымдар мен ақын-жазушылардың «дөңгелек үстелі» өтті. Бізбен тарихы мен тағдыры ортақ ноғай халқының мәдениет күндері қонақтардың концерттік бағдарламасымен аяқталды.

Бақытжан ЖҰМАТ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button