Батыстық әскери қызметшілер Астана күнін тойлады (+ФОТО)

E98A5567 Жаңалықтар

Atr.kz/8 шілде, 2019 жыл. Ақтау, Атырау және Ақтөбеде бұқаралық спортты дамыту шеңберінде әскери қызметшілер мен олардың отбасыларының қатысумен Астана күніне арналған спорттық іс-шаралар өтуде.

Спорттық іс-шаралар «Батыс» өңірлік қолбасшылығының барлық әскери бөлімдерінде өтуде. Оның барысында, 6-7 шілде күндері аралығында футболдан, кір тастарын көтері, қол тірес және отбасылық сайыстар ұйымдастырылады.

Гарнизондың мерекелік іс-шараларға Қорғаныс министрлігінің әскери бөлімдері мен мекемелерімен қатар, ҰҚК Шекера әскерлері мен ҚР ІІМ Ұлттық ұлан жауынгерлері қатысуда.

Мерекелік іс шаралар қарсанында әскери бөлімдерде Астана күніне орай салтанатты сапқа тұрулер мен мерекелік концерттер өткізілді.

E98A9321
E98A9317
E98A9131

«Бүгінгі күні, Елордамыз әлемдік қауымдастыстықтың алдында бейбітшілікке ерекше ұмтылыс танытқан қала, ұлттар мен конфессия өкілдері келіссөз жүргізетін алаң ретінде танылып келеді. Сол себепті, Нұр-Сұлтан – әрбір азаматтың, әрбір жауынгердің бойында ерекше мақтаныш сезімін туғызады», – деп, «Батыс» өңірлік қолбасшылығының әскерлері қолбасшысы Нұрлан алдияров әскери қызметшілерді құттықтап өтті.

Гарнизондарда осы уақыт ішінде отбасылық конкурстар аяқталып, оның нәтижесі бойынша ерекшеленген әскери қызметшілер мен олардың отбасылары грамоталар мен сыйлықтармен марапатталды.

Рустем Игисинов

«Батыс» өңірлік қолбасшылығының

баспасөз қызметкері, капитан

E98A9309
E98A5923
E98A9196
E98A9145
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз