Жаңалықтар

Батырға шапан жауып, темір тұлпар сыйлады

 Кеше Алматыда Қанат Исламның құрметіне дастархан жайып, той жасады. Бұл туралы хабарды әлеуметтік желілерден байқадық.

 kanatislamҚанат Исламның ағайын-туыстары мен ауылдастары ақ тілегін айтып, дуалы ауыз ақсақалдар батасын берді. Той соңында жерлестері батырға шапан жауып, темір тұлпар сыйлады. «Менің мақсатым бокстан дүние табу емес. Америкаға кетуімнің басты себебі — қазақтың атын шығарып, белгілі бір дәрежеге жету. Біздің ұлтқа қазір көк туды желбіретіп, намысты таптатпайтын азаматтар керек. Маған дүниеден бұрын жеңіс қымбат. Ел абыройы маңызды!» — дейді Қанат Ислам.

Абай АҚМҰРЗИЕВ.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button