Баспасөз – қоғам ұйытқысы
Atr.kz/3 қараша, 2020 жыл. Әлеуметтік желілер жедел ақпарат таратуымен ерекшеленеді. Соған қарамастан дәстүрлі баспасөз өзінің оқырмандарынан қол үзіп қалған жоқ.
Бүгін Индер ауданында болған «Атырау- Ақпарат» ЖШС директоры Ысқақ Егембердиев қоғамның қозғаушы күші — ақпарат саласының бәсекеге қабілетті болуына маңыз берді. Ол бүгінгі күннің басты талабына айналып отыр. Осы бағыттағы медиахолдингте жасалып жатқан жұмыстар, жаңа жобалар туралы жиынға қатысушыларға кеңірек айтып берді.
Өз кезегінде Индер ауданының әкімі Мейірім Қалауи өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы жөнінде кеңірек мағлұмат берді.
Басқосуға қатысқан облыстық «Атырау» және «Прикаспийская коммуна» газеттерінің Бас редакторлары Назарбек Қосшиев пен Нәсіп Шалабаева баспасөздің бағдары бағытындағы өз ойларымен бөлісті.