Атырау облыстық мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасында – жаңа басшы

whatsapp image 2020 11 16 at 14.32.20 Жаңалықтар

Атырау облыстық мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының басшысы болып Ринат Джанглишов тағайындалды.

Жаңа басшыны ұжымға облыс әкімінің орынбасары Ержан Әбілханов таныстырды.

Ринат Бауыржанұлы Джанглишов 1982 жылы Атырау қаласында дүниеге келген.  2003 жылы Қазақ гуманитарлық-заң университетін «заңгер» мамандығы бойынша  бітіріп, 2011 жылы Жамбыл гуманитарлық-техникалық университетін «экономист» мамандығы бойынша тәмамдаған. 2017 жылы Атырау мұнай-газ университетін аяқтап, «мұнай-газ ісі» мамандығын алған.

Еңбек жолын 2005 жылы Экономика және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінде (қаржы полициясында) аға тергеуші болып бастаған. 2010 жылдан құрылыс саласындағы жеке кәсіпорындарда басшылық лауазымдарда қызмет атқарып, 2018 жылдың қазан айынан бастап Атырау қалалық Мәслихатының хатшысы болды.

2019 жылдың қараша айынан бастап  қазірге дейін Атырау қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.Айта кетейік, МСҚБ – мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау саласында басшылықты және лицензиарға берілетін өкілеттіктер шегінде функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттік орган.

«Атырау облыстық коммуникациялар қызметі»

whatsapp image 2020 11 16 at 14.32.19
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз