ЖаңалықтарЭкономикаҚоғам
Баспаналы болуға 110 миллион доллар берілді
«7-20-25» бағдарламасы басталғалы бері жарты жыл ішінде 5 мыңнан астам өтініш қабылданған. Бұл туралы Ұлттық банк хабарлады.
Бағдарлама операторы Ұлттық банктің еншілес компаниясы — «Баспана» ипотекалық ұйымы» акционерілк қоғамы он күн сайын аралық қорытынды шығарып отырады. 10 желтоқсандағы ахуал бойынша 62,1 миллиард теңге (167,9 миллион доллар) қарыз алу үшін 5298 өтініш түскен. Олардың ішінде 40,7 миллиард теңгеге (110 миллион долларға) 3391 өтініш қанағаттандырылған. Бағдарлама шарттары: сыйақы мөлшерлемесі — 7%, жарна — 20%, несиені өтеу мерзімі — 25 жыл.
Аман ШАМАР