Бәсекелесі жоқ ЗАУЫТ
Atr.kz/6 тамыз, 2019 жыл. «Атыраумұнаймаш» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас директоры Александр Донсковтың айтуынша, тек республикада ғана емес, жалпы таяу шет елде өздерімен иық тіресетін кәсіпорын әлі шыға қоймапты. Аймақтағы индустриалдық-инновациялық жобаның жүзеге асқандығының шынайы көрінісі де осы өндіріс ошағы.
Расында да, соңғы жылдары мұнай және газ өнеркәсібі үшін ірі жабдықтарды шығара бастаған зауыт «қара алтынды» аймақтың сұранысын толық қанағаттандыра алады. Артылғанын сыртқа шығаруға да мүмкіндігі бар.
Сөйтіп, «Ембімұнай» комбинатының құрамына қосылған. Содан соғыс кезінде Донбастан Петровский атындағы іргелі кәсіпорын бері көшіріліп, жергілікті өндіріс ошағымен біріктіріледі. Сөйтіп, машина жасау зауытына айналады. Енді мұнда өндірілетін өнім түрлері де көбейді. Тек мұнай-газ саласының ғана емес, ауыл шаруашылығының да құралдарын құрастырды.
Иә, содан бері де талай уақыт өтті. Бүгінде іргелі өндіріс ошағы шын мәнінде алдыңғы қатарлы кәсіпорынға айналды. Цехтарда автоматтандырылған желілер пайда болып, металл өңдеудің заманауи технологиясы енгізілді. Еңбек өнімділігі артты. Тәуелсіздік жылдары еліміздің мұнай өндіру кеніштеріне күрделі құралдарды құрастыруды қолға алды. Солардың дені бұрын сырттан әкелінетін.
Енді өзімізде жасалды. Жалпы, бұған дейін республикада мұндай зауыт мүлдем болмаған-ды. Оған инвесторлар да назар аудара бастады. Расында да, «алыстан арбалағанша, жақыннан дорбала» демекші, мұнайгаз саласындағы компанияларға қажетті жабдықтарды атшаптырым алыс елден тасығанша, қол созым жерден алған тиімді емес пе?
Оның үстіне, әлемдік талаптарға сай келіп тұрса, неге осы зауытпен шарт жасамасқа? Қазір Теңіз кенішін игерушілер кәсіпорын өнімінің жоғары сапасына көз жеткізіп үлгерген. Толымды тапсырыс береді. Олардың сенімінен шығу – ұжым мүшелеріне міндет.
P.S.
Баламасы жоқ зауыт туралы алдағы уақытта әлі де айтылады. Оның өзгелерге өнеге тұтар тұсы көп. Бұл жолғы шолу – істі ұтымды ұйымдастырса, нарықты сауатты жүргізсе, инновациялық қайтарымның көптігін баян ету.
М.ҚҰЛСАРИЕВ