Жұмыс іздеп жүрсеңіз, «бос орындар жәрмеңкесіне» барыңыз!

ФОТО ЖӘРМЕҢКЕ Жаңалықтар

Атырауда 20 қазан күні, сағат 16:00-де «Байзар» ойын-сауық орталығында «Бос орындар жәрмеңкесі» және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер жәрмеңкесі» өтеді.

ФОТО - ЖӘРМЕҢКЕ

Жәрмеңке барысында балабақшаға тұрған балаңыздың кезегі, электронды цифрлық қолтаңба алу мәселесі бойынша және т.б мемлекеттік қызметтерге анықтама ала аласыздар.

ФОТО - ЖӘРМЕҢКЕ 2

Сонымен қатар, мемлекеттік қызметке тұру мен мұндағы бос орындарды да білуге мүмкіндіктеріңіз бар.

Жәрмеңкеге белсенді қатысуға шақырамыз!

Айдос Қарабала

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз