Жарнама
Жаңалықтар

БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІК – БАСТЫ ТАЛАП

 

Жиынға облысымыздың орта және шағын кәсіпорындарының, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ аймақтық филиалының, Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдері қатысты.

«Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі АҚ  30 дамыған мемлекеттер қатарына қосылу тұжырымдамасында көрсетілген, өндіріс пен экспортты диверсификациялау, кәсіпкерлікті дамыту бойынша мәселелерді жүзеге асыру шеңберінде аталған бағдарламасын жасақтаған болатын. Бағдарламаға түсінік беру үшін Астана және Алматы қалаларынан «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының стратегия және басым жобалар департаментінің директоры  Дәурен Сабденов, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ-ның басқарушы директоры – басқарма мүшесі Мирас Бисембаев, «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ-ның басқарушы директоры Бауыржан Алин және «ҚазЭкспортГарант» Экспортты-кредиттік сақтандыру корпорация» АҚ маркетинг және сату департаментінің  директоры Асқар Жұмаділов арнайы келді. 

Мамандардың айтуынша, бағдарламаның мақсаты Біріккен экономикалық кеңістік (БЭК) нарығында бәсекеге қабілетті көшбасшы-кәсіпорындарын дамыту және қолдау арқылы экономиканың жаңа серпінді өсімін қалыптастыру болып табылады.

Жиналыс барысында «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі АҚ стратегия және басым жобалар департаментінің директоры Дәурен Асқарұлы өз баяндамаcын ұсынып, жан-жақты түсіндірді. Сала мамандарының көкейде жүрген сұрақтарына жауап берді.

– Өңірдегі барлық кәсіпкерлерді экспортты, өнімділікті арттыру мақсатында бағдарламаны жүзеге асыру үшін белсенділік танытуға шақырамын. Бағдарламаға атсалысқан барлық кәсіпкерлерге кешенді қаржылық және кеңестік қолдау көрсетілетін болады, — деді облыс әкімінің орынбасары Айгүл  Теміртасқызы.

Айгүл ЕРТІЛЕУ.

Суреттерді түсірген

Ерлан АЛТЫБАЕВ.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button