БАС ЖОСПАР ПЫСЫҚТАЛДЫ
Басқарма басшысының айтуынша, облыста барлығы 165 селолық елді мекен болса, соның 86-сы жеңілдетілген бас жоспар жобасымен қамтамасыз ету көзделген. Соның ішінен осы уақытқа дейін Атырау қаласы, Мақат, Құрманғазы, Индер, Жылыой және Қызылқоға аудандарынан 48 елді мекеннің бас жоспары дайындалған.
Кеңес мүшелерінің назарына аталған өңірлерден қамтылған 30 ауылдың (селоның) жеңілдетілген бас жоспар жобасы ұсынылды.
Бұлардың барлығында да алдымен елді мекендердің қамтитын аумағын, әлеуметтік-экономикалық, демографиялық жағдайларын, инженерлік-көліктік және экологиялық проблемаларын анықтау мақсатында қажетті материалдар жинақталып, талдау жұмыстары жүргізілген. Үстіміздегі жылдың қыркүйек айында елді мекендерге қатысты топографиялық түсірілімдер толық көлемде орындалып, дайындалған есептер қала, аудан әкімдіктерімен келісіліп, алыс-беріс актісіне сәйкес тапсырысшы тарапқа жолданыпты.
Дәулетқали АРУЕВ.