ТЕРМОЖАҢҒЫРТУҒА КӨҢІЛ ТОЛМАЙДЫ

Тұрғындардың әлеуметтік, саяси, азаматтық және жеке бас құқықтары бойынша толғақты мәселелерін шешуге ықпал ету мақсатында Атырау қалаcының прокуроры Руфат Құттықов қоғамдық қабылдау өткізді.

 

«Нұр Отан» партиясының Атырау қалалық филиалында өткен қабылдауға  келген зейнеткер Табылды Татиков өзі тұратын Абай көшесіндегі 17 үйге жасалған терможаңғырту жұмыстарына қанағаттанбайтынын алға тартты.

– Үйге 2012 жылы терможаңғырту жұмыстары жасалды. Алайда, жертөледегі жағдай көңіл көншітпейді. Лас су, шіріген иіс пен маса, басқа да жәндіктерден тазаланбай сол күйінде қалып отыр. Ай сайын терможаңғыртуға бөлінген қаражатты төлеп отырмыз, – деген зейнеткер сапасыз жасалған жұмысты қайта қолға алуға ықпал етуді сұрайды. Тұрғынның өтінішімен танысқан Руфат Құттықов Атырау қаласының прокуратурасынан өкілдер жіберіп, үйдің жағдайын тексеретінін айтты.

Бүгінде балаларына алимент өндіре алмай жүрген жас аналар аз емес. Соның бірі Лаура Сейіт-жанова  сот орындаушыларына шағымдана келіпті. Оның айтуынша, сот орындаушылары экс-күйеуін көрсетілген мекен-жайлардан таба алмай, көші-қон полициясымен іздеуге қойған. Алайда, борышкердің Атырау қаласында жүргеніне Лаура сенімді. «Үйіне іздеп бардым. Ол есіктің ар жағынан сөйлесіп, бетпе-бет жүздеспеді. Үйінің жанынан да көріп, полиция қызметкерлеріне қоңырау шалдым. Алайда, құзырлы орган өкілдері сол сәтте келіп үлгермеді» дейді Л. Сейітжанова. Енді екі ортада сандал-ған алимент өндіруші мәселені заң тұрғысында шешу үшін «Нұр Отан» партиясынан үміті зор. Азаматшаның мәселесімен танысқан Руфат Бауыржанұлы тиісті орындарға хабарласып, борышкерді табуға ықпал ететіндігін жеткізді.

Ал, Зоя Ерғалиева үйінің ауласынан жаңа баспана тұрғызған. Бүгінге дейін оның тиісті құжаттарын реттей алмай жүрген тұр-ғынға Атырау қалалық жер қатынастары бөлімі арқылы қолдау көрсетілетін болды.

Алтыншаш ҚҰРМАШЕВА.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз