158429383997

Бас санитар карантин жағдайында балалармен серуендеу мәселесіне түсінік берді

Жаңалықтар

Atr.kz/30 наурыз, 2020 жыл. Карантин жағдайында балаларды серуендеуге алып шығуға бола ма? Бұл сұраққа Атырау облысының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Мейіржан Есімбаев жауап берді.

«Балалармен серуендеуді тұрғылықты жерінен 500 метрден аспайтын және ұзақтығы 30 минуттан аспайтын радиуста жүзеге асырсын» делінген карантин жағдайы жарияланған қаулыда.


Сонымен бірге, аталмыш қаулыға сәйкес атыраулықтарға жеке гигиеналық заттарды қолдану міндеттеліп отыр.
Яғни, қауіпті вирусты жұқтыру қаупін болдырмау үшін атыраулықтар тысқа шыққан кезде қорғаныс маскасын тағуға және бір рет қолданылатын қолғаптарды киіп, антисептик пайдалануға міндетті.

Еске сала кетелік, қазіргі таңда Қазақстанда 294 адам аталмыш вируспен науқастанып жатыр. Оның ішінде 12 адам атыраулық.

Қазіргі таңда Атырау бойынша төрт блок пост орнатылды.

Баян ЖАНҰЗАҚОВА

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған