
Жаңалықтар
БАС МҮФТИ ШАРУАЛАР МЕН САУДАГЕРЛЕРГЕ ҰСЫНЫС ЖАСАДЫ
ҚР Бас Мүфтиі Наурызбай қажы Тағанұлы Құрбан-Айтқа байланысты мал бағасы мен азық-түлік құнын төмендетуді ұсынды.
Бұл туралы Бас Мүфти ҚР Президенті жанындағы орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн-брифинг барысында мәлімдеді.
— Құрбан мейрамының құрметіне сатылатын мал бағасын шарықтатпай, оңтайлы бағамен сатуды ұсынамыз. Сонымен қатар әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасына мүмкіндігінше жеңілдік жасауға шақырамын, – деді Наурызбай қажы Тағанұлы.