main34128307 ad584cd5652ca1ff51fa5df2101b2765

«Барыстың» экс-шабуылшысы АҚШ-та мэр лауазымына сайлануда

Жаңалықтар Қоғам

Atr.kz/27 қаңтар, 2020 жыл. «Барыстың» бұрынғы капитаны Брэндон Боченски Гранд-Форкс қаласының мэрі қызметіне ұсынылуда. Бұ туралы хоккеист өзінің Instagram парақшасында мәлімдеді.

Брэндон Боченски бұл жаңалығымен жанкүйерлерін елең еткізді. «Гранд-Форкске жаңа өмір мен жаңа энергия әкелетін уақыт келді. Мен Гранд-Форксты жақсы көремін және өз қоғамыма қалтқысыз қызмет қылғым келеді», – деп жазған ол тіркелушілерді өз кампаниясымен танысуға шақырды.

Боченксикй қазір Солтүстік Дакота штаты, Гранд-Форксте тұрып жатыр. Бұрын ол «Барыс» хоккей клубының құрамында ойнады. Ол клуб жанкүйерлерінің сүйіспеншілігіне бөленіп, команданың ең үздік бомбардирлерінің біріне айналды. 2016 жылы Қазақстан құрамасы үшін өнер көрсету құқығына ие болды. Сөйтіп, ағымдағы маусымда әлем біріншілігінің қола медальдеріне екінші дивизионда қол жеткізді.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған