Жаңа әкімдерге қандай міндеттер жүктелді?

img 20210318 wa00331 Жаңалықтар

Махамбет Досмұхамбетов Құрманғазы ауданы әкіміне ауыз су, жол, газ жеткізуге байланысты нақты тапсырмалар берді.

  • «Сондай-ақ, аймақ басшысы халықты сапалы баспанамен қамтуды, инвестиция тартуда нақты нәтижелерге жұмыс істеуді тапсырды» деп хабарлайды Атырау облысының коммуникациялар қызметі.
  • «Соңғы жылдары Құрманғазы ауданын көркейту, елді мекендерге ауыз су, жол, газ жеткізу бағытында үлкен жұмыстар атқарылуда. Бірақ, алда тұрған міндеттер де ауқымды. Басты бағыт -​ тұрғын үймен қамту көрсеткішін ұлғайту. ​ 2020 жылы аудан бойынша​ 123 тұрғын үй пайдалануға берілген. Бұл 2019 жылмен салыстырғанда, жақсы көрсеткіш. Осы жұмыстардың қарқынын баяулатпауды, жаңа ықшамаудандарға, елді мекендерге коммуникациялық желілерді жүргізуді жалғастыруды тапсырамын» деді аймақ басшысы Махамбет Досмұхамбетов.

Облыс әкімі Құрманғазы өңіріне инвестиция тарту мәселесінің өзекті екендігін атап өтті. «2020 жылы бұл бағытта «Бұйырғын» құс фермасы, Бірлік ауылынан​ балық өңдеу зауыты,​ ​Құрманғазы ауылынан 40 орындық жаңа қонақ үй пайдалануға беріліп, ​ «Қиғаш» туристік базасы жаңғыртудан өтті.​ Нәтижесінде​ ​ 206 адам жұмыспен қамтылды. Осы бағыттағы жұмыстар жалғасуы тиіс. Сонымен бірге, шағын және орта бизнесті дамыту, кәсіпкерлікті жан-жақты қолдау бағытындағы шараларды​ қолға алу керек» деп атап өтті Махамбет Досмұхамбетов.

Сондай ақ, облыс әкімі халыққа таза ауыз су жеткізу жүйесін жаңғыртуға, қылмыстық құқықбұзушылықтың көбеюіне байланысты тиісті органдармен бірлесе жұмыс атқаруға байланысты бірқатар тапсырмалар берді. ​

  • «Азғыр елді мекендеріндегі жол мәселесі, аудандағы әлеуметтік объектілердің жағдайы, аудан орталығы мен ауылдарды абаттандыру, қоқыс алаңдарын салуға назар аудару керек. Осы бағытта ұсыныстар енгізуді және басталған жұмыстардың сапалы​ ​аяқталуын қамтамасыз ету қажет» деп нақтылады аймақ басшысы Махамбет Досмұхамбетов.

***

Исатай ауданының жаңа әкіміне де жаңа міндеттер жүктелді

​ «Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов Исатай ауданына тағайындалған жаңа әкім Полымбет Хасановқа озық технологияларды енгізе отырып, асыл тұқымды мал басын көбейтуді, ​ сапалы, табиғи ауыл шаруашылығы өнімдерін шығаратын заманауи жаңа жобаларды іске қосуды тапсырды» деп хабарлайды Атырау облыстық коммуникациялар қызметі.

Облыс басшысы жергілікті тұрғындарды тұрақты жұмыспен қамту – аудан әкімдігінің қызметі бағаланатын негізгі индикатор екендігін еске салды.

  • «Тұрақты жұмыспен қамтуды басты назарда ұстау қажет. Соның ішінде,​ мүмкіндігі шектеулі жандарға жұмыс, қолайлы орта қалыптастыру жағдайы ескерілуі тиіс. Ауданға инвестиция тарту керек. 2019, 2020 жылдары бұл бағытта бірде-бір жоба жоқ, 2021-2022 жылдарға 2 жоба ғана жоспарланған. Нақты ұсыныстар, жобалар қажет» деп атап өтті облыс әкімі ​ Махамбет Досмұхамбетов.

Сондай ақ, аймақ басшысы шағын және орта бизнесті дамытуды, каналдарды​ күрделі жөндеу жұмыстарын қолға алуды тапсырды.

Облыс әкімі атап өткеніндей, республикалық және ауылішілік жол құрылыстары сапалы жүргізілуі керек.

Және​ жергілікті білім беру ұйымдарының жағдайы көңіл бөлуді​ ​ қажет етеді.

  • «Мәселен, Аққыстаудағы 784 орындық мектептің, Өркендегі 220 орындық мектептің, Ғибатолла Мәсәлімов атындағы 560 орындық мектептің бастауыш сыныптар ғимараты апатты жағдайда. Томан бастауыш мектебінде 54 бала білім алып, ауылдың қалған 48 баласы Атырау қаласында, көрші ауылдарда оқып жүр. Новобогат балалар саз мектебінің жеке ғимараты жоқ. Бұл мәселелер облыстық білім басқармасымен бірлесе отырып, шешілуі тиіс» деді аймақ басшысы Махамбет Досмұхамбетов.
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз