Ел бойынша 802: Атырауда таңмен тағы үш адамнан коронавирус анықталды
Atr.kz/10 сәуір, 2020 жыл Бүгін түнде Атыраудан тағы үш адамнан қауіпті инфекция анықталды.
Елорда уақытымен 09:00 сағаттағы жағдай бойынша, Қазақстанда таңмен коронавирус инфекциясы анықталған 21 адам ем қабылдауда.
Ал, атыраулық үш науқастың бұған дейін қауіпті дертті жұқтырған адаммен байланыста болғаны анықталып отыр. Науқастардың екеуі 23 және 73 жастағы әйел адамдар, біреуі 31 жастағы ер жігіт.
«Қазіргі таңда дерт жұқтырғандар инфекциондық стационарға жатқызылды. Бекітілген хаттама бойынша ем қабылдап жатыр. Жағдайлары қанағаттанарлық. Олармен қарым-қатынас жасаған адамдардың барлығы оқшауланып, медициналық бақылауға алынды» деп хабарлайды Атырау облысы Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Өкінішке орай, елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 802 адамға жетті. Атырауда 45 науқас емделуде.
Баян ЖАНҰЗАҚОВА