Түркияда қазақстандық туристер мінген автобус апатқа ұшырады, зардап шеккендер бар

a977c600 33a1 426e 9d77 a1851d039afd Жаңалықтар

Түркияның Алания курортында Қазақстаннан келген туристер мінген шағын автобус апатқа ұшырады.

Мәліметтерге сәйкес, автобус Окуржалар ауылының маңында D-400 тас жолында бағдаршамда тұрған жүк көлігіне соғылған.

Апат салдарынан түрік жүргізуші мен гид, Украина азаматы қаза тапты. 12 жолаушы жарақат алды, алтауының жағдайы ауыр, барлығы Алания мен Манавгаттағы ауруханаларға жатқызылды.

Жүк көлігінің жүргізушісі жауап алу үшін бөлімге жеткізілді.

t.me/ulysmedia

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз