Барлығы 59: Атырауда 2, Жылыойда 9 адам коронавируспен тіркелді

v yuzhnoy koree umerli ot korona COVID-19: Соңғы поштадан...

Атырау облысында COVID-19 инфекциясын жұқтырған 11 адам тіркелді.

Бүгін таңдағы мәлімет бойынша, инфекция жұқтырғандардың екеуі Атырау қаласынан, тоғызы Жылыой ауданынан анықталып отыр.

«Барлығы коронавирус инфекциясын жұқтырған адаммен қарым-қатынаста болған. Олардан зертханалық сынамалар алынды. ПТР диагностикалық зерттеу нәтижелері COVID-19 диагнозын растады.

Қазіргі таңда науқастар жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылды. Жағдайлары қанағаттанарлық, бекітілген хаттамаға сәйкес ем алуда.

Науқастармен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынды.

Ауру ошақтарында эпидемиологиялық зерттеу, дезинфекциялық жұмыстар жүргізіліп жатыр» делінген мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы таратқан мәліметте.

Қазақстан бойынша инфекция жұқтырғандар саны 840 адамға жетті.

Баян ЖАНҰЗАҚОВА

http://atr.kz/bez-rubriki/atyrauda-koronaviruspen-k%d2%afresip-zhat%d2%9ban-d%d3%99rigerlerge-1-milliard-te%d2%a3gege-zhuy%d2%9b-%d2%9barzhy-b%d3%a9lindi/
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз