Жарнама
Жаңалықтар

Бар ниетіммен қолдадым

Еліміздің тəуелсіздік жылдарында табысты, қалыптасқан жəне ұдайы дамып келе жатқан мемлекеттер қатарына қосылуын көздейтін стратегиялық бағытты жалғастыратын Қасым-Жомарт Тоқаевтың өз қызметіне кірісуіне арналған ұлықтау рәсімін телеарнадан көрдік.

Баршаға түсінікті сабақтастық тетігі белгіленді. Соның арқасында бəріміз де еліміздің тұрақтылығына, қауіпсіздігі мен өрлеуіне сенімдіміз. Мемлекет басшысы «Баршаға ортақ игілік! Сабақтастық. Əділдік. Өрлеу» деп тұжырымдалып, сайлауалды тұғырнамасында көрініс тапқан болашаққа нақты жəне сындарлы көзқарасының негізінде сенімді жеңіске қол жеткізді. Бұл тұғырнама Қазақстанның барша халқына арналған. Онда қарапайым адамдардың жүрек түбіндегі тілектері мен кəсіпкерлердің үміттері, зиялы қауымның ұмтылыстары мен азаматтық қоғамның талап-сұраныстары көрініс тапқан.

Тұрақтылық, татулық пен келісім, мықты əлеуметтік саясат, ұлтына, діни сенім-нанымына, мүліктік жағдайына қарамастан, бар азаматтардың теңдігі – Президент тұғырнамасының аталған басымдықтарын өзге азаматтар сияқты мен де қолдадым.

Сәрсен ЖАРЫЛҒАН,

зейнеткер,

Атырау қаласы

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button