Атырау облысында ерекше білім беруді қажет ететін 581 оқушыға 108 мектепте арнайы сыныптар ашылған

img 20210111 wa0171 Жаңалықтар

«Мәселен Миялы ауылындағы Х.Досмұхамедұлы атындағы орта мектебінде 21 оқушы инклюзивті түрде оқытылуда» деп хабарлайды Atr.kz

Атырау облыстық Білім басқармасының баспасөз қызметінің мәліметінше, оның алтауы үйден, бесеуі психикалық дамуында тежелуі бар балаларға арналған  (ПДТ) сыныпта, қалғандары өз тұстастарымен бірге  оқып жатыр .                                                                             

  «Оқушылар арнайы жеңілдетілген бағдарлама негізінде білім алуда. Мектеп психологтары оқушыларды  коррекциялық жұмыстар арқылы тәрбиелеуде. Яғни, баланың ойлау қабілетін дамытатын моторикалық ойындар, жаттығулар жасауда», – дейді мектептің педагог-психологы Баршагүл Сарсенғалиева.      

Мектеп директоры Сары Гүлшара Бақтыбайқызының айтуынша, білім ордасында физика, информатика, химия, биология пәндері үш тілде оқытылуда. 8-11 -сыныптарда аталған пәндер  үйірме, факультатив сабақтар есебінен енгізіліп отыр.                   

img 20210111 wa0170

   «Тарихы 1922 жылдан басталатын мектептің  бір жылдан соң 100 жылдық мерейтойы аталып өтпекші. 1982 жылы пайдалануға берілген мектеп ғимараты 936 орындық, қазір мектепте 844 оқушы білім алуда. 1-11 сыныптарда 783 оқушы, мектеп алды даярлық топтарында 61 бала тәрбиеленуде. Мектепте 107 мұғалім еңбек етуде. Қазіргі таңда 1-4 -сыныптардан  28 кезекші сынып ашылып, 294 оқушы білім алуда. Кезекші сыныптарға 35 мұғалім дәріс  беруде», -дейді ол.                                                                

Айта кеткен жөн, Қызылқоға ауданында ерекше білім алып отырған  даму мүмкіндігі шектеулі 62 оқушы бар.  Облыс бойынша 32 мектептегі 108 арнаулы сынып ашылған, даму мүмкіндігінде кінәраты бар 581 оқушы білім алуда.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз