dsc 0515 scaled

Қазақстанның Моцарты – Атырауда! (+ФОТО)

Жаңалықтар Мәдениет ФОТОГАЛЕРЕЯ

Atr.kz/14 ақпан, 2020 жыл. Махамбет атындағы академиялық қазақ драма театрында облыс әкімдігінің қолдауымен «Дарын» жастар мемлекеттік сыйлығының лауреаты, «Қазақтың Моцарты» атанған Рахат-Би Әбдісагиннің «ZYMYRAN ZAMAN» атты симфониялық музыкалық кеші өтті.

      Ол –  композитор және пианист, өнертану ғылымдарының магистрі, 100-ден астам классикалық музыкалық туындылардың, сондай-ақ екі операның авторы. 

    Концерттің шымылдығы кеш иесінің «Жыл құсының зары» атты фортепианоға арналған шығармасымен ашылды. Әйгілі қаламгер Ш.Айтматовтың  аттас әңгімесінің желісіне құрылған бұл туындыға, бүгінгі өмірдің ең өзекті мәселесі арқау болған. Кеш барысында композитордың шығармаларын Қазақ ұлттық өнер университетінің  Еуразиялық студенттік симфониялық оркестрі және халықаралық конкурстардың лауреаты  Жібек Мусургалиева скрипкамен, «Солистер Академиясы» мемлекеттік оркестрінің әртісі Бағытжан Жантұрғанов виолончельде ойнады. Залға лық толған көрерменнің ыстық ықыласпен соғылған ду қол шапалақтарынан кештің әсерлі өткенін аңғаруға болады.

dsc 0003
dsc 0353
dsc 0048
dsc 0359
dsc 0469

      Кешке облыс әкімінің орынбасары Серік Шапкенов қатынасты.

  •  Бүгінгі өздеріңіз тыңдаған, ерекше әсер алған қазақтың Моцарты кешіне қош келдіңіздер. Жүректі елжіретер туындылардан ерекше бөлек әсер алдық. Өмірі өшпес адам баласы қанша ғұмыр сүрсе, сонша уақытта ой толғайтын туындылар деген ол қазақтың тума таланты, дарынды өнер иесіне облыс жұртшылығының ризашылығын білдірді,- дей келе, облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетовтің атынан ықылас гүлін табыс етті.

  Кештен ерекше әсер алған көрермен, зейнеткер Тоқсанбай Сахимовты сөзге тартқан едік.

  • Теледидардан көріп өнеріне тамсанып жүрмін. Атырауға келеді дегеннен бастап шығармашылық кешке қатысуға асықтым. Осындай бақыттың бұйырғанына қуаныштымын. Зал көрерменге толы болды. Кеш өте жоғары деңгейде өтті. Еліміздің абыройын асырып, әлемге даңқын паш етіп жүрген бозбалаға  шығармашылық табыс тілеймін,- деді қуанышты жүзін жасыра алмаған ол.

Гүләлия ИГІЛІКОВА

Суреттерді түсірген: Ерлан АЛТЫБАЕВ

dsc 0755
dsc 0778
dsc 0571
dsc 0167

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған