Жарнама
Жаңалықтар

Банкроттықты рәсімдеуде тегін көмек көрсетіледі

«AMANAT» партиясы Атырау облыстық филиалы «Қарызсыз қоғам» жобасы аясында банк, микроқаржы ұйымдарына 90 күннен астам уақыт төленбеген несиесі бар тұрғындарға жеке тұлғалардың банкроттығын рәсімдеуге кеңес береді. Сондай-ақ борышкердің жағдайы банкроттық жариялауға жататын болса, арнайы ментор мен сарапшылар тегін көмектеседі.

Аталған партия филиалы баспасөз қызметінің хабарлауынша, нарықта мұндай қызметтің құны 80-100 мың теңгені құрайды. Ал бүгінде ұсынылып жатқан тегін қызмет көрсетудің мүмкіндігін облыстың кез келген тұрғыны пайдалана алады. Сондай-ақ қаржылық сауаттылықты үйрету, заңгерлік көмек, жұмыспен қамту, кәсіпкерлікке тарту іс-шаралары туралы ақпарат алуға болады.

Тұрғындар осы мәселелер бойынша төменде көрсетілген ментор, сарапшыларға хабарласа алады:

Ақан Қайырғалиев, +7 701 797 24 67 (Атырау қаласы, Махамбет ауданы); Саламат Исмагулов, +7 701 395 08 08 (Мақат, Қызылқоға, Жылыой аудандары); Оралбек Купбергенов, +7 778 682 76 44 (Исатай, Құрманғазы, Индер аудандары).

Алтыншаш НӘСІПҚАЛИҚЫЗЫ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button