Жарнама
Жаңалықтар

Балықшы-Жұмыскер көпірі жабылмайды

Облыстағы жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған «Белсенді азаматтар 06» телеграм парақшасына қала тұрғынының Қаршымбай Ахмедияров көшесіндегі көпірдің жабылғандығы туралы бейнежазбасы тарады. Тұрғынның сөзінше, жолдың жабылатындығы туралы алдын ала хабарланбаған. Сонымен қатар, бейнежазба авторы Jeep автокөлігінің бөгетке қарамай көпірден өтіп кеткендігіне де наразылығын білдірді.

Көпірді бөгеп тұрған полицейдің сөзінше, жол жөндеу жұмыстары басталғандықтан көпірдің жабылғандығын, жолдан өткен көліктің мердігер мекемеге тиесілі екендігін айтты. Осы жағдайға байланысты қала әкімінің баспасөз қызметіне хабарласқанымызда, жол жөндеу жұмыстарының 26 қыркүйектен басталғандығын растады.

– Көпірді жабу туралы шешім шұғыл қабылданғандықтан тұрғындарға кең көлемде хабарланып үлгермеді. Қазір жан-жақты хабарландыру жұмыстары ұйымдастырылуда. Көлік қозғалысы қалыпқа келді, көпір жабылмайды, — деді қала әкімінің баспасөз хатшысы Ғасырбек Төлеген.

Қаршымбай Ахмедияров көшесінің толық жол жөндеу жұмыстарының аяқталу мерзімі қазан айының екінші жартысына жоспарланған. Тапсырыс беруші – қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі. Ал мердігер – «Атырауинжстрой-АИС» ЖШС.

Алмас ҚАБДОЛОВ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button