
Жаңалықтар
Балықшы шағын ауданында су беру уақытша тоқтайды
Балықшы шағын ауданында 19-20 шілдеге қараған түні сағат 00:00-ден 06:00-ге дейін су беру уақытша тоқтайды, деп хабарлайды atr.kz
Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
“Атырау қаласындағы Балықшы шағын ауданында кәріз коллекторында болған авариялық жағдайға байланысты, Балықшы аумағында 19-20 шілдеге қараған түні сағат 00:00-ден 06:00-ге дейін су беру уақытша тоқтайды. Түсіністік танытуларыңызды сұраймыз”- делінген хабарламада.
Н.Насыр