Балық «барымташыларының» «олжасы» тәркіленді
Жақында Балық шаруашылығы Жайық-Каспийоблысаралық бассейндік инспекциясының қызметкерлері рейдтік іс-шара барысында сағат 12-30-да Жайық өзенінің теңізге шығу аумағында (4-5 оң жақ ерік-авт.) мемлекеттік тіркеу нөмірлерінсіз Жайық маркалы браконьерлік мотоциклін байқап қалды. Алайда, балық «барымташылары» қамысортасына қарай қашып үлгерді. Көлік құралынтастап, белгісіз бағытқа қарай оқиға орнынан бой тасалады.
Мотоциклді тексеру барысында жүк салғыштанжалпы салмағы 17 кг болатын сазан, ақбалық секілді балық түрлері табылды. Ол «Тілекші» ЖШС-несақтауға тапсырылған еді. Осы факт бойынша Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің 383-бабының 3-бөлігі бойынша әкімшілік материалжасалды. Көлік құралы айыппұл тұрағына қойылды. Құқық қорғау органдарына мотоцикл иесі мен басқа да заң бұзушыларды әкімшілік жауапкершілікке тартумақсатында хабарлама жіберілді.
Олег ТУШКАНОВ,
Жайық-Каспий облысаралық балық шаруашылығы бассейндік инспекциясының ресми өкілі