Жарнама
Жаңалықтар

Балық аулауға барған мақаттық тұрғын суға батып кетті

Мақат ауданы, Мұнайайдаушылар ауылының тұрғыны “Ақкөл” көлінде балық аулау кезінде суға батып кеткен.

Ақпаратқа сәйкес, 3 маусым күні 11 сағат 36 минутта аудандық №8 Өрт сөндіру бөлімінің байланыс бекетіне аудан аумағында орналасқан “Ақкөл” көлі тұсына балық аулауға 2 маусым күні азамат Е.Н шығып кетіп, қайта оралмағаны жөнінде хабар түседі.

“Куәгерлердің айтуы бойынша азамат Е.Н ауды қарауға кетіп қайта оралмаған, қайық аударылған күйінде табылған. Іздестіру жұмыстары нәтижесінде 4 маусым күні, сағат 13:30 минутта Е.Н-ның мүрдесі судан табылып, ағайындарына тапсырылды”, — дейді аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің мамандары.

Айта кетейік, оқиға орнына төтенше жағдайлар бөлімінің 2, №8 Өрт сөндіру бөлімінің 3 қызметкері және 1 бірлік техника, Атырау қаласы Жедел құтқару жасағының 3 қызметкері және 1 техникасы жұмылдырылған.

Анықтама: «Ақкөл» көлі Қызылқоға ауданының Сағыз өзенінің тасуынан пайда болған су тоғаны. Мақат кентінен шамамен 50 шақырым жерде орналасқан.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button