«Өмірдің шуағы, тіршілік тірегі – Әйелдер»

img 20210304 wa0055 Жаңалықтар

          Дәл осындай ұранмен «Атырау-Ақпарат» медиахолдингінің ер азаматтары ару қыздардың, абзал аналардың, әзиз әжелердің құрметіне мерекелік көңіл күй сыйлады.

          Медиахолдингтің директоры Ысқақ Егембердиевтің бастамасымен ұйымдастырылған шара үлкен ұжымдағы жігіттердің ауызбіршілігін, өнерден кенде еместігін танытты.

          Бұл күні пресс клубқа жиналған нәзік жандылар қауымының да жүздерінен шуақ шашып, ерекше күйге бөленіп тұрды.

          Алғаш болып сөз алған Ысқақ Дүйсембайұлы, аналар мен қыз-келіншектерге ықыласты тілегін жолдап, әйел-аналардың қоғамдағы орны мен олардың ұжымдағы қадір-қасиеттері жайында сөз қозғады.

          Кейін әуезді үнімен әсерлеген «Атырау» газетінің жауапты хатшысы Дәурен Мұхамбеталиев аналарға арнаған әнімен көпшілікті сүйсінтті.

          Исатайлық «Нарын таңы» газетінің тілшісі Серікбол Панабердиевтің домбырамен күмбірімен ару қыздар мен аналарға арнап суырып салған арнау өлеңі де қошеметке бөленді.

          Журналист, ақын Нұрым Ерғалиев медиахолдинке қарасты әр филиалдың қыздарына арнаған жылы да шым-шым әзіл өлеңдері еріксіз езу тартқызды.

          Ерекше сый-сияпат сыйлаған жігіттер Ә.Әлішер мен Ы.Егембердиевтің сөзіне жазылған Ж.Боранбаевтың «Қазақтың арулары» атты тұсауы кеше ғана кесілген әсем әннің ырғағымен аруларға арнаған әдемі гүлдері мен сыйлықтарын, тәттілерін ұсынды.

          Облыс әкімінің орынбасары Б.Хаменованың құттықтау хаты бірнеше нәзікжанды қызметкерлердің мерейлерін асырды.

          Құрметке күнде лайық абзал жандарды біз де құттықтаймыз!

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз