image l

Каспийдің ахуалы алаңдатады

Экология Жаңалықтар
48 / 100

Каспий теңізі акваториясында қалыптасып отырған қолайсыз экологиялық ахуал жұртшылықтың қатты алаңдаушылығын туғызып отыр. Осыған байланысты Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Дүйсенбай Тұрғанов бір топ әріптестерімен бірге Премьер-Министрдің орынбасары Роман Склярдың атына депутаттық сауал жолдады.

«Қолдағы мəліметтерге сəйкес, North Caspian Operating Company компаниясы биылдан қалдырмай «Қашаған» кен орны жобасының логистикасын қамтамасыз ету үшін Каспий теңізінде кеме қатынасына қажет арналар қазуға ниеттеніп отыр (ұзындығы 56 км, ені 80 метрден 115 метрге дейін бірнеше кеме қатынасы каналдары, диаметрі 325 метрден 380 метрге дейін 10 бұрылу бассейні салынатын болады. Каспий түбінен шамамен 29 млн. м2 аумағынан 18,5 млн. м3 астам топырақ алу жоспарланған)» делінген онда.

Республикада қабылданған Экологиялық кодекске сәйкес Каспий теңізінің солтүстік бөлігі мемлекеттік қорық аймағына жатқызылған, табиғатты пайдалануда және инженерлік-құрылыс жұмыстарын жүргізуде ерекше мәртебеге және шектеулерге ие. Су және балық ресурстарын қорғауға, сондайақ экожүйенің тұрақты өмір сүруін қамтамасыз етуге бағытталған арнайы пайдалану режимі анықталды. Солтүстік-Шығыс Каспий акваториясы батыс өңірлердің балық ресурстарын және биоәртүрлілігін молайтуды қамтамасыз ететін бірегей экожүйе болып табылады. Сондықтан, Каспий акваториясында кеме қатынасы арналарын қазу жобасы орны толмас экологиялық апатқа ұшыратуы мүмкін. Атап айтқанда, кең аумақтардағы су түбі организмдерінің 100% жойылуы, судың лайлануының пайда болуы балықтарды азықтандыру мен көші-қон жағдайларын нашарлатады. Қалқыма заттар су бағанына түсіп, ағыспен тасымалданады және Солтүстік Каспий акваториясы бойынша түбіне шөгіп, ихтифаунаның азық базасын жоятыны рас. Депутаттардың пікірінше, Орхус Конвенциясының талаптарына сәйкес, азаматтар экологиялық ақпаратқа қол жеткізуге құқылы болуы шарт. Теңіз кеме қатынасы каналдарының қоршаған ортаға әсерін бағалау жобасы (ҚОӘБ) бойынша қоғамдық тыңдауларды компания 2020 жылдың 21 қыркүйегінде өткізген. Алайда, Атырау облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының ресми сайтында аталған жобаның бағалауы жарияланбаған. Ал, NCOC компаниясы мұнай өндірудің бүкіл кезеңіне, яғни 2038 жылға дейін Каспий теңізі деңгейінің өзгеруіне байланысты жасалған болжамды деректерді жұртшылыққа жарияламай, жасырын ұстап отыр. Айта кету керек, Каспий теңізі – Ресей, Әзербайжан, Түркіменстан, Иранмен шектесетін тұйық су айдыны. Қазақстан 2000 жылы ратификациялаған « Тр а н с ш е ка р а л ы қ м ә н м ә т і н д е қоршаған ортаға әсерді бағалау туралы» БҰҰ ЕЭК халықаралық конвенциясы шеңберінде қазақстандық тарап Конвенцияның 3, 4, 5 және 6-баптарына сәйкес консультациялар өткізуге, сондай-ақ осы жобаны өңірдің барлық елдерімен міндетті түрде келісуге тиіс еді. Бұдан басқа, Қазақстан 2005 жылы Каспий теңізінің теңіз ортасын қорғау жөніндегі негіздемелік конвенциясын ратификациялады. Оның 8-бабында «…тараптар Каспий теңізінің түбіндегі қызмет нәтижесінде оның ластануын болдырмаудың, азайтудың және бақылаудың барлық қажетті шараларын қабылдайды», 14-бабында «…тараптар Каспий теңізінің биологиялық ресурстарын қорғауға, сақтауға, қалпына келтіруге, сондай-ақ ұтымды пайдалануға ерекше назар аударуға тиіс…» деп көрсетілген. Осыған байланысты халықаралық э к о л о г и я л ы қ н о р м а л а р м е н қолданыстағы конвенциялардың талаптарына сай аталған жұмыстарды іске асыру үшін бірінші кезекте трансшекаралық контексте ҚОӘБ жобасы жасалуы тиіс.

Сонымен бірге, қоршаған ортаға үлкен теріс әсері бар мұндай жобаларды жоспарлағанда, міндетті түрде жобаны дамытудың басқа да баламалы нұсқалары ұсынылуы қажет. Пікірін осылайша пайымдаған халық қалаулылары жо ғ а р ы д а баяндалған жағдаяттар мен келтірілген дерек-дәйектерге сүйене отырып, Үкімет басшысының орынбасарынан төмендегідей сауалдарға жауап беруін сұрады: 1. Неліктен арнаны төсеу жобасы таңдалды? Жобаның баламалы нұсқалары қарастырылды ма (көпір, ауа жастықтарындағы су көлік құралдары, эстакада және т.б.)? 2. Жоба Каспий өңірі елдерімен келісілді ме? 3. Каспий теңізінің деңгейі жылына 15-20 см төмендейтіні белгілі. Егер таяудағы 4-5 жылда теңіз деңгейі қайтадан осындай қарқынмен төмендей беретін болса, арналарды қосымша тереңдету және жұмыстарды қайта жүргізу қажеттілігі туындамай ма? 4. Тасымалдау каналының бағыты орнатылды ма және алынатын топырақ қайда бағытталады? Топырақты алу және орнын ауыстыру үшін жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті орган беретін арнайы рұқсат бар ма? 5. Жоба іске асырылған жағдайда орындалған экологиялық ісшаралардың сәйкестігін тексеру үшін жобадан кейінгі талдау жүргізіле ме? «Осы жобаның заңдылығы мен тиімділігіне мұқият тексеру жүргізу қажет.

 Жобаның қоғамдық пікір тудырушылық сипатын ескере отырып, Халықаралық экологиялық нормалардың талаптарына сәйкес, қоршаған ортаға тигізетін әсерін б а ғ а л ау » ж о б а с ы н д а й ы н д ау трансшекаралық контексте жүргізілуі қажеттігін қаперге береміз» деп ойын түйіндеген депутат сауалға жауапты заңнамамен белгіленген мерзімде ұсынуды сұрады.

Мәселені көтеруге ұйытқы болған депутат Д.Тұрғановтың айтуынша, бұл мәселе тек Атырау өңірі емес, Каспий маңы елдері арасында да күрделі түйінге айналуы мүмкін. Сондықтан, республика Үкіметі бұған барынша мұқият назар аударғаны жөн.

Дәулетқали АРУЕВ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған