Жарнама
Жаңалықтар

Балықты қорғау – басты міндет

Дүйсенбіде облыс әкімі Нұрлан Ноғаевтың төрағалығымен «Балық шаруашылығын дамыту және оның перспективалары» тақырыбында кеңейтілген кеңес өтті. Күн тәртібіндегі мәселеге орай, алдымен, Атырау облыстық аумақтық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі инспек-циясының басшысы Мұрат Ермекқалиевтің хабарламасы тыңдалды.

Оның мәлімдеуінше, бүгінгі таңда облыста балық аулау және оны өндіру, өңдеумен шаруашылық жүргізу құқығындағы он сегіз кәсіпкерлік субъектісі (оның ішінде, екі бекіре балығын өсіру зауыты бар) шұғылданады. Бұлар-ға биылғы жылы Жайық, Қиғаш өзендерінің бойынан және Каспий теңізінен су маржандарын аулауға бөлінген квота көлемі 19240 тоннаны құрап отыр. Балық шаруашылығымен айналысатын шаруашылық құрылымдарынан табиғатты пайдаланушы ретінде мемлекет қазынасына түсетін төлем сомасы 37 млн.теңгені құрайды.

Өткен жылы осы сала бойынша бюджет түсімдері 217,5 млн.теңгеге тұрақтап, болжамдағыдан 125 пайызға артқан. «Жайық-Атырау» және «Атырау» бекіре балықтарын өсіру зауыттарында 7,0 млн. дана бағалы балық шабақтары табиғи өсу ортасына жіберіліп, «Каспийроялфиш» кәсіпорны мен «Луговой» жылқы зауыты бойынша да жоспарланған жұмыстар толықтай атқарылған.

Толық нұсқасын газеттен оқи аласыз.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button