«Атырау – Ақпараттан» басылып шығатын газеттер жаңа маусымды жаңа жобалармен бастауда

img 20210903 wa0032 Жаңалықтар

«Атырау-Ақпарат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінен басылып шығатын газеттер жаңа маусымды жаңа жобалармен бастап жатыр.

Атап айтқанда, «ATYRAY» газеті «Алло, редакция?!», «Қазақтың қазынасы» және «Кие» атты жаңа айдарлармен толықты. Алғашқы айдарға тоқталсақ, оқырмандар өздерін толғандырған сауалдарды 45-85-97, 45-84-01 телефон нөмірлеріне хабарласып немесе atyrau_gazeti@mail.ru электронды поштасына жолдай алады.

Ал, «Қазақтың қазынасы» жобасының мақсаты – ұлттық құндылықтарымыз бен асыл мұрамызды жас ұрпаққа жан-жақты насихаттау. «Кие» айдарына келсек, бұл ерекше адамдардың басынан өткен таңғажайып оқиғалар туралы жазылған мақалаларды топтастырады. Мұнда күнделікті өмірде орын алып жатқан таңғажайып құбылыстар мен адам сенбес оқиғалар баяндалатын болады.

Сол сияқты, «Прикаспийская коммуна» газеті де көрікті келбет иеленді. Ғасырлық тарихы бар басылымның жаңа дизайны оқырман көңілінен шығады деген үміттеміз.

img 20210903 wa0042
img 20210903 wa0046
img 20210903 wa0041
img 20210903 wa0039
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз