Жарнама
Жаңалықтар

Балаңыз не көріп жүр?

Виртуалды әлемдегі бала қауіпсіздігін қадағалаңыз!
Құрметті ата-ана!
Қазіргі таңда жасөспірімдер YouTube, TikTok, Instagram секілді түрлі әлеуметтік желілерін жиі қолданады. Виртуалды кеңістік қызықты әлем болғанымен, бала үшін көптеген қауіп-қатерге толы.

img 0249
Screenshot

Әлеуметтік желіде балаңыздың қандай онлайн платформаларды, парақшаларды көретінін қадағалап, мұқият тексерген жөн. Өйткені, ересектерге арналған жарнамалар, тыйым салынған ақпарат, психологияға кері әсерін тигізіп балаңызға зиян болуы мүмкін.

Балаларға арналған неше түрлі қызықты мультимедиялық онлайн-ойындар мен ондағы ақпараттардың балаңыздың жас шамасына сай келетінін міндетті түрде тексергеніңіз жөн. Сонымен қатар, виртуалды желіде ата-ана бақылауын бағдарламалық қамтамасыз етуге болатынын білгеніңіз абзал.

Интернеттегі алаяқтық әрекеттеріне алданбас үшін балаңызға сақтық шараларын түсіндіріңіз. Балаңызға желіде өзі туралы жеке ақпаратты жарияламауға үйретіңіз.

Бала қауіпсіздігі-ата ана жауапкершілігі екенін білгеніңіз абзал!

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button