Жарнама
Жаңалықтар

Баланы судан құтқарып қалды

Бала қорқып кетті ме, өзі жүзіп шықпақ болды ма – көмекке шақырып айқайлаған да жоқ. Шебер жүзетін әлдекімдердің осылайша «көңіл көтеретіні» де болушы еді. Жігіттер баладан көз алмай санаулы минут қарады да, ол көрінбей кеткен кезде Жайыққа сүңгіп кетті. Олар «тілсіз жаудың» қармағынан дереу шығарып алып, жағаға жеткізген кезде Әділден жан кете бастаған екен. Әрбір секунд қыл үстінде тұрған сын сәтте құтқарушылар оған жалма-жан алғашқы медициналық көмек көрсетіп, есін жиғызды.
Облыстық аурухананың реанимациясында тоғыз күн жатып, гастроэнтерологиялық бөлімге ауыстырылған 16 жастағы Әділ Халықов анасымен бірге өзін ажал аузынан алып қалған қос азаматпен жолығып, алғысын білдірді. Келешегінен үлкен үміт етіп отырған тұңғыш ұлының аман қалғанына қатты қуанышты әйел құтқарушылармен қатар, «оларды тәрбиелеген ата-аналарына» рахметін жеткізді.

Құралай ОРАЗ.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button