Жарнама
Жаңалықтар

Балаларға қатысты кибербуллинг фактілерін қарау ережесі бекітілді

Мәдениет және ақпарат министрінің бұйрығына, яғни «Мас медиа» туралы заңның 40 бабы 1 тармағына сәйкес балаларға жасалатын кибербуллингтің алдын алу және онымен күрестің жолдарын іздейтін сарапшылар тобы құрылады. Бұл туралы kaz.inform.kz хабарлады.

Балаға қатысты кибербуллинг фактісі туралы өтінішті ата-анасы немесе заңды өкілі уәкілетті органның атына жазбаша немесе электрондық цифрлық қолтаңбаның көмегімен электрондық құжат түрінде қалдыра алады.

Өтінішті сараптама тобы үш жұмыс күні ішінде қарайды. Бірақ, өтінішті дұрыс қарау үшін маңызды ақпаратты талап етуге байланысты 15 күнге дейін ұзартылуы мүмкін.

Балаға қатысты кибербуллинг фактісі расталған жағдайда уәкілетті орган сараптама тобының шешімі негізінде бұқаралық ақпарат құралдарынан немесе онлайн-платформалардан ақпаратты жою жөнінде нұсқама жібереді.

Мәдениет және ақпарат министрінің аталған бұйрығы 2025 жылғы 28 қаңтарда күшіне енеді.

Еске сала кетейік, 2023 жылы елімізде балалар кибербуллингімен күрес мақсатында онлайн-платформалар туралы заң қабылданды.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button