Ең бастысы – балалар қауіпсіздігі

3e04f1a79b3a3416e3eb254b41b311f0 Жаңалықтар

Облыс әкімдігінде кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі облыстық комиссияның кезектен тыс отырысы өтті. Жиында жастардың дене шынықтыру және спортпен шұғылдануына жағдай жасаудағы атқарылған жұмыстар, жасөспірімдер арасындағы нашақорлықтың алдын алу амалдары және балалардың әл-ауқаты индексінің жобасын таныстыру жайы талқыланды.

Комиссия төрағасы, облыс әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменова кәмелетке толмағандардың жағдайы бүгінде ең өзекті мәселелердің біріне айналғанын айтып, облыста күні кеше тағы бір жасөспірімнің өз-өзіне қол жұмсау дәйегі тіркелгенін тілге тиек етті. Осылайша, жастардың жайы жіті және жиі қадағалауды қажет етіп тұрған күрделі әрі нәзік мәселеге айналғанына тоқталды.

– Оқушылардың кезекті жазғы демалысы басталды. Жаз мезгілінде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету өзектілігі күн тәртібіне қойылған. Себебі бала өмірінің қауіпсіздігі, амандығы – барлығымызға ортақ мәселе. Сондықтан, бүгін маңызды істі атқаруда қандай келеңсіздіктер барлығын бірлесе талқылайық, – деді комиссия төрағасы.

Алдымен, жастардың, соның ішінде қыз балалардың спортпен айналысуына нендей жағдай жасалғаны назарға алынды. Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының міндетін атқарушы Нұржауған Төлеуованың айтуынша, бүгінде 17 спорт мектебінде 13 мыңнан астам бала спортпен тегін шұғылданады, оның 2384-і – қыз балалар. Олар негізінен волейбол, тоғызқұмалақ, таэквондо, дзюдо, баскетбол және каратэ тәрізді спорт түрлерін таңдаған. Қазір облыста қыздар спортын дамытуда бірқатар шешімін таппаған проблемалар бар. Мысалы, көркем гимнастика, каратэ, жеңіл атлетика сияқты сұранысқа ие спорт түрлерінен дәріс беретін жаттықтырушылар тапшы. Аталған спорт түрлерінен қосымша штат ашу талқыға қойылып, 4,8 млн. теңгені құрайтын қаржыға сұраныс берілген. Алайда, ол қанағаттандырылмаған. Алдағы уақыттарда осы түйткілді мәселе шешімін тапса, қыздарға арна лған с екцияларды молайту жоспары орындалмақ.

– Биыл Нұрсая шағынауданындағы спорт кешені базасының жанынан жаңа балалар және жасөспірімдер спорт мектебін ашу жоспарланып отыр. Облыс көлемінде басқа да нысандар бой көтермек. Соның нәтижесінде, жыл аяғына дейін балаларға арналған қосымша 315 секция ашылып, оларда 6500 адам жаттығумен айналысады. Сондай-ақ, осы жылдың мамыр айынан бастап балалар мен жасөспірімдерге арналған спорттық секциялар – ды мемлекеттік тапсырыс арқылы қаржыландыру жұмыстары қолға алынды. Осы мақсатта, жастар көп қызығатын каратэ, көркем гимнастика, спорттық би, дзюдо, шахмат, теннис, таэквондо секілді спорт түрлерінен 1300 баланы қамту жоспарланған, – деді Нұржауған Оразқызы.

Жиын барысында ескек есу спорты жайлы сөз болып, осы спортты дамытуға қолғабыс беретін «Эллинг» ескек есу базасының құрылысын салу жоспары пысықталды. Бүгінде жобаның сметалық құжаты дайы н д а л ы п , с а р ап т а ма д а н ө т ке н . Құрылыстың құны 1 млрд. теңгені құрайды. Бұл арнайы база салынса 300-ге жуық бала тарихы терең спорт түрімен шұғылдануға мүмкіндік алар еді.

– Өңірімізде ақылы спорт секцияларынан бөлек тегін жаттығу топтары бар. Бүгінде мемлекет басшысының тікелей қолдауымен әрбір өңірге бала құқығын қорғау үшін, жан басына қаржыландыру бойынша 168 млн. теңге бөлінеді. Осыған сәйкес, балалар тегін үйірмелермен қамтамасыз етіледі. Ал, осы жасалған жағдайдан жұртшылықтың көбі хабарсыз. Себебі, ақпараттандыру жұмыстары жүргізілмеген. Сондықтан атааналарға осы мәліметтерді жеткізу жедел қолға алынуы керек, – деді облыс әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменова.

Осыдан соң, облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асхан Байдуәлиев жасөспірімдер арасындағы нашақорлықтың алдын алуы бағытында жасалып жатқан жұмыстар туралы баяндады. Оның айтуынша, облысымызда барлығы 2730 адам психобелсенді заттарды (алкоголь, есірткі) пайдаланумен есепте тұрады екен. Былтыр олардың тек 4-уі кәмелетке толмағандар санатында болған (1-уі – Атырау қаласы, 3-уі – Жылыой ауданынан). Желтоқсан айында осы жастар комиссия шешімімен наркологиялық есептен шығарылған. Ал биыл бұл тізімге ешбір жасөспірім ілінбепті. Қуанарлығы да осы. Жиында балалардың әл-ауқатын бақылайтын индекс жобасының жүргізілу жайы да айтылды. Мәжілісті қорытындылаған облыс әкімінің орынбасары комиссияның алдағы отырыстарын көшпелі форматта өткізуге ұсыныс білдірді.

 Мұратбек ЖАҢАБАЙ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз