Жарнама
Жаңалықтар

Балалар қиялына ерекше ерік берілді

Балаларды өнерге, шығармашылыққа баулып, қабілетін дамыта білудің маңызы зор. Бұл жөнінде 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Атырау қалалық №7 емханасында өткен шарада кеңінен айтылды.

Балаларға арналған мерекелік кеште мәдениет қайраткері, батик стилінің негізін қалаған белгілі суретші, Атырау қалалық мәслихатының депутаты Камила Жапалова шеберлік сағатын өткізді.
Кішкене балақайлар танымал суретшінің нұсқауымен гуашпен “Менің бақытты сәтім”, “Бақытты болашақ” тақырыптарында сурет салып, ой-қиялдарына ерік берді.

–Біздің қоғамдағы әр бала дені сау әрі бақытты болуға лайық. Бала – біздің болашағымыз. Сондықтан оларға салауатты өмір сүруді үйретіп, сапалы білім мен тағылымды тәрбие беру баршамыздың ортақ міндетіміз. Биыл елімізде алғаш рет аналар мен әкелер күні де аталып өтілуде. Мұның өзі отбасы институтын дамытудағы маңызды қадамдардың бірі деп білемін, — деді Атырау қалалық №7 емхананың директоры Гүлнәфис Таңбаева.
Айта кетейік, мерекелік шараға емханаға тіркелушілер мен осы ұжым қызметкерлерінің балалары қатысып түрлі тәттілер мен сыйлықтарға ие болды

Мәлике МӘЛІК

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button