Күзден бастап елімізде қара жамылғы мен сақал өсіруге тыйым салынуы мүмкін

Жаңалықтар

Қазақстанда алдағы күзде қара жамылғандар мен сақал қойып, шолақ балақ киетіндерге заң жүзінде тыйым салынуы мүмкін деп хабарлайды Алматы арнасы.

pogudx2uq2t7h6v4cg.314e3601

Әзірше мамандар халықаралық тәжірибені зерттеп, сарапшылар мен заңгерлердің, қоғамның пікірін анықтауда.

«Азаматтардың өз қалауынша киінуіне таңдау құқы бар, бірақ мұнда жат ағым элементтерін таңдау айтылмаған. Біздің кейбір азаматтарымыздың радикалданып кеткені соншалық, осылайша олар қоғамға  наразылықтарын тудыруда.

Бұл тек сыртқы атрибуттар, ал бастысы олардың санасындағы проблема, осылайша олар заманауи қоғамды, өз мәдениеті мен дәстүрін қабылдамайды», – дейді Дін істері және азаматтық қоғам министрінің орынбасары Берік Арын.

Бұдан бұрын, президент Нұрсұлтан Назарбаев қара жамылу мен діннің арасында байланыс жоқ екенін айтып, дәстүрлі киім жайлы айтқан болатын.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз